Грекияда Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі көрсетілді

Грекияда қазақ киносының фестивалі ашылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі ұйымдастырған шараның алғашқы күні көпшілікке режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі ұсынылды. Афина жұртшылығы мен байырғы қазақстандық гректер тарихи туындыны тапжылмай тамашалап, фильмге, актерлердің кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. «Томиристе» Арғұнның рөлін сомдаған актер Әділ Ахметов көрсетілімнен соң көрерменнің сұрақтарына жауап берді. 3 күнге созылатын фестивальде көпшілік қазақстандық танымал вокалды-аспаптық ансамбль туралы түсірілген «Дос-Мұқасан» фильмі мен қазақ киносының жауһары «Менің атым Қожа» туындысын да тамашалайды.