Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Опера» сахнасында Күлбикенің хикаясы жанданады

«Астана Опера» сахнасында Күлбикенің хикаясы жанданады

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Астана Опера» сахнасындағы Раймондо Ребектің ғажайып қойылымында Күлбикенің хикаясы жанданады. Бұл күні басты кейіпкердің партиясын балеттің жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Өнербаева орындайды. Ханзаданың рөлінде солист Ғалымжан Нұрмұхамет өнер көрсетеді. Дирижер тұғырында – Руслан Баймурзин, балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Қойылым «Опералия» халықаралық музыкалық фестивалінің бағдарламасына енді.