Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Ұлт театрының аналары» көрмесі ашылды

Алматыда «Ұлт театрының аналары»  көрмесі ашылды

Алматыдағы «Анаға құрмет» музейінде театр сахнасының саңлақтары – әйгілі актрисалардың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт театрының аналары» атты көрме ашылды.
Театрдың музей қорынан әкелінген құнды мұралар саф өнердің 100 жылдық тарихынан сыр шертеді.
Театрдың музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер жинақталған. Олардың алды өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан сақталған. Алғашқы уақытта арнайы цех болмағандықтан, сахналық киімдерді театр жанашырлары, көрермендер сыйға тартқан екен. Уақыт өте келе сахналық бейнелер үшін костюмдер арнайы тігілген.
Театр тарихына арналған көрменің ашылуында актриса Шәмшәгүл Меңдиярова: «Апаларымды көріп, көңілім босады, - дейді. Киелі сахнада бірге өнер көрсеткен аяулы жандар туралы естеліктерімен бөлісті.
Театр – құдіретті өнер. Көрме аясында танымал актерлар «Ана – Жер Ана», «Абай» қойылымдарынан үзінді ойнады.