Елордада Роберто Молинеллидің симфониялық шоуы өтті

Астанада Италияның атақты композиторы, дирижёр Роберто Молинелли екі күн қатарынан қала тұрғындары мен қонақтары үшін симфониялық шоу өткізді. Бірінші күні көрермендер Италияда жылдар бойы нағыз хитке айналған туындыларды тыңдаса, екінші күні әлемдік рок әндер орындалды.
Солистер – Италия мен Швециядан келген атақты өнерпаздар. Мәселен, Италия даусына айналған Фабио Курто, әлемдік «Юрмала», «Евровидение» байқауларының жүлдегері Антонелло Кароцца, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Кларисса Вики сынды әртістердің өнерін көрермендер жоғары бағалады. Әндерді маэстро Роберто Молинеллидің сүйемелдеуімен «Астана Балет» оркестрі орындап шықты.