Қазақстандық артистар Benois de la Danse 2025 сыйлығының номинанттары атанды

Биыл Ресейдегі Үлкен театрда Benois de la Danse 2025 беделді балет сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Номинанттар қатарында бірден екі «Астана Балет» театрының артисы бар. Атап айтсақ, театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри және жетекші солист Сүндет Сұлтанов.
Биыл Benois de la Danse сыйлығының номинанттарын халықаралық қазылар алқасы анықтады. Биыл оның құрамына Франция, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей және Қазақстанның көрнекті балет шеберлері енді. Қазылар алқасының төрағасы әрі бағдарламаның көркемдік жетекшісі — Үлкен театрдың прима-балеринасы, Ресейдің халық артисы Светлана Захарова.
Қазақстандық артистар Мукарам Авахри қойған «Киелі би» балетінің үзіндісі – «Qash» деп аталатын сахнасын орындайды.
«Үздік биші» номинациясына ұсынылған Сүндет Сұлтанов дуэтте Фредерик Шопен мен Дэвидсон Джаконеллоның музыкасына словак-неміс хореографы Кристина Паулин қойған «Желтоқсан жаңбыры» балетінен үзінді орындайды.
Benois de la Danse сыйлығы 1991 жылы бекітіліп, 1992 жылдан бері ЮНЕСКО қолдауымен өтіп келеді. Оның міндеті – хореография саласындағы ерекше жетістіктерді атап өтіп, дүниежүзінде балет өнерінің дамуына, дәріптелуіне ықпал ету.