Парижде Қазақстандағы ядролық сынақтардың зардабы туралы фильм көрсетілді

Парижде Семей полигонында ядролық жарылыстан зардап шеккен әйелдер туралы деректі фильм көрсетілді. Туындының авторы – қазақстандық Әйгерім Сейтенова. Фильмнің премьерасын ұйымдастыруға Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық компанияның Франциядағы бюросы қолдау көрсеткен. Туынды полигон маңында тіршілік еткен бір әулеттің қайғылы оқиғасын баяндайды. Жақындарынан айырылып, бір балаға зар болып өткен отбасының жанайқайы бейнеленген. Фильм ядролық қарудың қаупі мен оның қасіретін халыққа түсіндіруді көздейді. Автор туындыны Еуропаның өзге де елдерінде көрсетуді жоспарлап отыр.