Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл

Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл

Елордалық тыңдармандар ерекше дүбірге бөленді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90 жылдық мерейтойына орай үлкен концерт қойды. Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда өткен мерекелік кеш екі бөлімнен тұрды. Бірінші Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев сынды дәстүрлі күйші-композиторлардың туындылары орындалды. Одан соң көрермен заманауи бағыттағы шығармалар мен әлемдік классиканы тамашалады. Сондай ақ ғасырға жуық тарихы бар, қазақ күй өнерін жаһан жұртына танытқан ұжым жаңа туындысын ұсынды.
Оркестіріміздің басты миссиясы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасын, күй өнерін, халық әндері мен аспаптық туындыларын кәсіби деңгейде насихаттау. Бұл біздің мәдени кодымыздың негізі, ұлт руханиятының алтын өзегі- деп атап өтті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің директоры Медет Қуанышев.