Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алып кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді

Алып кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді

Павлодарда қазақ әйелінің бас киімі кимешекке арналған алып инсталляция халықаралық рекордтар кітабына енді.   Осылайша 4 метрлік кимешек ұлттық мәдениет пен руханияттың символына айналды. Кимешек күміс және металл тиындармен, інжу-маржан сынды асыл тастармен безендірілген. Инсталляцияға екі мыңға жуық әшекей қолданылған. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кимешек тұрмыстағы әйелдің отбасындағы және қоғамдағы мәртебесін білдірген. Жобаның авторы, белгілі дизайнер-шебер Гүлайым Акумбаева. Ұлттық дәстүр мен қазақы құндылықтарды дәріптеген шараға ақ кимешек киген екі жүзге жуық ана қатысты.