Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Францияда Абай Құнанбайұлының мұрасы ұлықталды

Францияда Абай Құнанбайұлының мұрасы ұлықталды

Париж қаласының XVI округі мэриясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен «Абай» мәдени орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Жиынға Қазақстанның Ренн қаласындағы Құрметті консулы Жаннар Авар-Туребаева, Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі, білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ 2020 жылы «Абай» кітабының жарық көруіне атсалысқан француз азаматтары қатысты.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде Абай шығармашылығындағы гуманизм мен философиялық тереңдік халықтар арасындағы рухани көпірге айналып, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды нығайта түсетінін айтты.
Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын қазақ және француз тілдерінде оқып, ұлы ойшылдың мәңгілік мұрасын дәріптеді. Кеш соңында арнайы келген әнші Assem Muze музыканттармен бірге Абайдың әндерін қазақ және француз тілдерінде орындап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.