Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтті

«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтті

«Астана Опера» сахнасында театр балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық артисы Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық нұсқасында  Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан қойылым «Опералия» халықаралық музыкалық фестивалінің афишасына енді.
Қоюшы дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрі П.Чайковский музыкасын асқан шеберлікпен жеткізді.
Қоюшы балетмейстер Алтынай Асылмұратова К.Сергеев нұсқасы мен М.Петипаның түпнұсқа қойылымынан шабыт алып, туындының  классикалық сипатын сақтай отырып, жаңа заманауи спектакльді өмірге әкелді.
Аврораның образын театрдың прима-балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Өнербаева тамаша сомдады. Дезире ханзаданың бейнесін театрдың премьері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан шебер орындады. Артистар зұлымдықты жеңіп, ізгілік пен махаббат салтанат құрған ғажайып ертегіні би өнері арқылы шебер баяндады.