Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының концерттік маусымы жабылды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының концерттік маусымы жабылды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында филармонияның жетекші солистерінің қатысуымен маусымның жабылу концерті өтті.
Концерт бағдарламасы классикалық, ұлттық және заманауи музыка туындыларын қамтыды. Олардың қатарында неміс композиторы Йоганнес Брамстың «Скерцо», Кшиштов Пендерецкий «Виолончелло»және қазақ халық өнерінің бай інжу-маржандары Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», халық әні «Япырай» және тағы да басқа солистер репертуарындағы үздік шығармалар орындалды.
Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова, мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, мәдениет саласының үздіктері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары да өнер көрсетті.
Ғасырға жуық тарихы бар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының басты мақсаты — классикалық және дәстүрлі қазақ өнерін кеңінен насихаттау. Осы бағытта филармонияның шығармашылық ұжымдары жыл бойына мазмұнды концерттер беріп, репертуарларын рухани құндылығы жоғары музыкалық туындылармен байытып келеді.