Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ артистары Сеулде халықаралық спектакльге қатысты

Қазақ артистары Сеулде халықаралық спектакльге қатысты

Сеулде ерекше премьера өтті. Көрермен Қазақстан, Оңтүстік Корея және Ресей театрларының спектаклін тамашалады. «Париждегі екі әйел» қойылымы Оңтүстік Кореяның ұлттық мерекесіне – елдің азаттық алғанына 80 жыл толуына арналды. Бұл мейрам 15 тамызда аталып өтеді. «Париждегі екі әйел» спектаклі барысында қазақ әндері қосылып тұрды. Режиссер На Чжин Хван бұл арқылы ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қиыр Шығыстан күштеп көшірілген корейлерді құшақ жая қарсы алған қазақ халқының кеңпейілдігін көрсеткісі келген.
«Париждегі екі әйел» спектаклінде екі кейіпкердің диалогы арқылы Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен жандардың тарихы баяндалады. Артистардың сөздері қазақ, орыс және корей тілдерінде экранға шығарылып тұрды. Қазақстан атынан бұл халықаралық жобаға Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының артистары қатысты.