«Қазақконцерт» 64-ші маусымын Гала-концертпен жапты

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-ші концерттік маусымын сәтті аяқтап, көрермен назарына «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында бірқатар концерттік бағдарламалар ұсынды.
29 маусым күні Астанадағы Амфитеатрда Гала-концерт өтті. Бұл кеште отандық эстрада жұлдыздары, танымал сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосты.
Концерттік бағдарламада танымал композициялар, заманауи аранжировкалар, оркестрлік сүйемелдеу және ашық аспан астындағы мерекелік атмосфера ұсынылды. Іс-шараға «Қазақконцерттің» танымал солистері мен шығармашылық ұжымдары қатысты.
Айта кетейік, ұжым 64-ші концерттік маусым аясында 82 концерт, 3 ірі шығармашылық жоба және көптеген мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырды. «Роза Бағланова» атындағы халықаралық вокалдық конкурсы, «Серпер» ұлттық өнер конкурсы және «Менің Қазақстаным» Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі жүзеге асырылды.
Сондай ақ ұйым артистары қазақ өнерін әлемге таныстыру мақсатында Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Түркия, Испания, Чехия, Болгария, Беларусь, Мажарстан, БАӘ, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Түркіменстан, Грузия, Армения, Латвия және Әзербайжан секілді 22 шет мемлекетке гастрольдік сапармен барды.