Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Оңтүстік Кореяның мәдениет күндері өтті

Алматыда Оңтүстік Кореяның мәдениет күндері өтті

Алматыда Оңтүстік Кореяның мәдениет күндері өтті. Айтулы шара екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайтуды көздейді. Ұйымдастырушы – Корея Республикасы Елшілігі жанындағы корей мәдени орталығы мен қала әкімдігі. Korea-Kazakhstan Culture And Trade Week аясында бірқатар іс-шара жоспарланған. Солардың бірі – Кореяны азат етудің 80 жылдығы мен Ұлы ақын Абайдың 180 жылдығына арналған үлкен концерт. Көрермендер үшін екі елдің тарихынан хабар беретін мазмұны бай бағдарлама әзірленді. Алматылықтар мен қала қонақтары корей мәдениетімен жақынырақ танысып, корей ұлттық театрының театрландырылған қойылымын көрді.