Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық опера әншісі Андреа Бочеллимен бірге ән шырқады

Қазақстандық опера әншісі Андреа Бочеллимен бірге ән шырқады

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек аты аңызға айналған Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті. Италиялық маэстро өзінің жеке концертінде қазақстандық өнерпазбен ән шырқап, дуэт орындады.  Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас сәт болды. Әйгерім Алтынбек осыдан бірнеше күн бұрын Астанада атақты тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсетіп, көрерменді кәсіби шеберлігімен таңқалдырған еді.