Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Эльдар Сапараев Корея көрерменін тамсандырды

Эльдар Сапараев Корея көрерменін тамсандырды

Әлемге танымал виолончелші Эльдар Сапараев Оңтүстік Кореяда өткен беделді музыкалық фестивальде өнер көрсетті. Шуберт, Моцарт және Бетховеннің туындыларын отандық музыкант кореялық трио құрамында орындады. Тэджондағы халықаралық музыкалық фестиваль Азиядағы ең беделді өнер шараларының бірі саналады. Биыл бұл фестиваль 25-ші рет ұйымдастырылды. Оның аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыканттардың 8 концерті өтті. Қазақстандық Эльдар Сапараев Оңтүстік Кореяның ең танымал скрипкашыларының бірі Ким Ын Су және альтшы Квон О Хёнмен бірге сахнаға шықты.
Концертке Оңтүстік Кореяның түкпір-түкпірінен классикалық музыка жанкүйерлері жиналды. Моцарттың ішекті аспаптар триосына арналған ең ұлы шығармасы көрермендерді баурап алды. 45 минутқа созылған концертті залдағы жұрт демін ішіне тарта тыңдады.