Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ведомствоаралық комиссия 16 киножобаны іріктеді

Ведомствоаралық комиссия 16 киножобаны іріктеді

2025 жылы 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді.
Комиссия мүшелері отандық киноиндустрияны дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттуға үлес қоса алатын әлеуеті жоғары жобаларды таңдады.
Айта кетейік, конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.
9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен кино жобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.