Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлттық домбыра күні Алматыда қалай тойланады

Ұлттық домбыра күні Алматыда қалай тойланады

Алматыда 6 шілде күні Абай алаңында эстрада жұлдыздары, танымал домбырашылар және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді.
Сонымен қатар концертке «Қоңыр», «Ulytau» тобы мен «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистары қатысады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына 17:00 мен 21:00 аралығында ел сүйіп тыңдайтын күйлер мен термелер, халық әндері мен еліміздің бай рухани мұрасын дәріптейтін шығармалар ұсынылады.
Бұл концерт ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерге деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналмақ. Кіру тегін.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.