Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Лейла Аламанова италиялық тыңдармандарды тәнті етті

Лейла Аламанова италиялық тыңдармандарды тәнті етті

«Астана Опера» солисі Лейла Аламанова Италияда Джоаккино Россинидің «Реймске саяхат немесе «Алтын лилия» қонақ үйі» спектаклінде зор жетістікпен өнер көрсетті. Қоюшы дирижер ретінде Марко Хриберник, режиссер ретінде Марин Блажевич тер төкті.
Лейла Аламанова үшін бұл «Реймске» алғашқы саяхат емес. Мадам Кортезе партиясын ол бірнеше жыл бұрын аңызға айналған Пезаро опера фестиваліне қатысқан кезде орындаған еді.
Спектакльдің өзі вокалдық қана емес, акробатикалық сынаққа айналды. Режиссердің түпкі ойына сәйкес барлық сценография биік, аласа, сырғанақ, қозғалмалы баспалдақтардан тұрды. Артистар оларды көрініс кезінде жылжытып, тіпті, соларға өрмелей жүріп ән айтты.