Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті

Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті

Елімізде алғаш рет қазақтың классикалық шығармалары мен халық әндері заманауи сипатта орындалды. 

 Алматыда Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрында  «Япурай» гала хор спектаклінің премьерасы өтті.. Онда  «Маусымжан», «Самал тау», «Ақ сиса»,  «Қарлығаш», сияқты халыққа кеңінен танымал әндер хорға лайықталып, жаңа үнге ие болды. Оған қоса сахнаның безендірілуі, музыка, жарық, дыбыс  ешкімді бей-жай қалдырмады.

Гала-хор спектакль «Япурай» композициясымен ашылды. Алғашқы аккордтан бастап, көрермендер  вокал шеберлерінің кәсібилігіне тәнті болды. Атап айтқанда, олардың орындаушылық мәнеріне қошемет білдірді. Қойылым хор өнерінің мүмкіндіктерін айшықтай түсті. Оны жаңа қырынан танытып, қазақтың бай музыкалық дәстүрін заманауи технология мен көркем сценографиямен үйлестірді. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры еліміздегі  жетекші   шығармашылық ұйым. Жоба авторы театр директоры Айнұр Көпбасарова.

«Япурай» спектаклінде соңғы үлгідегі технологиямен декорация кеңінен қолданылды.  Жарық қоюшы  итальяндық  Гаэтано Ла Мела. Ол бұған дейін  «Хан Сұлтан» қойылымында да жұмыс істеген. Ал сахнада   театр хоры мен симфониялық оркестр, «Мұрагер» фольклорлық ансамблі және «Қоңырау» балалар хоры өнер көрсетті.