Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM
Арнайы хабар

Арнайы хабар

Музыка әлемінде болып жатқан қауырт, тың жаңалықтарды жедел түрде жеткізетін эксклюзивті танымдық бағдарлама.

Өнер әлеміндегі тың идеялар мен заманауи көзқарастарды, жаңа бағыттар мен келелі ойлардың жиынтығын қамтитын бағдарлама тыңдарманға рухани серпін берер жан-жақты жаңа стилімен ерекшеленеді. Іс-сапармен келген шет елдік қонақтар, музыка саласының кәсіби мамандары, музыканттар өздерінің жаңа идеяларымен бөлісіп, мәдени байланысты нығайту бағытында ой-пікір алмасады.

Бағдарлама қонақтары – «Имперский русский балет» ұжымының жетекшісі, артист, антрепренёр және актер Гидеминас Таранда, Ресейдің музыкалық мұражайлар мен топтамалар Ассоциациясының президенті Михаил Брызгалов, Берлин оркестрі мен хор жетекшісі, дирижер Керстин Бенке, Ресейдің танымыл галеристері Мадина мен Мариана Гоговалар өнер әлемінің сан қырлылығын әңгімелеп, әсері мол сұхбат қалдырды.

Бағдарламалар мұрағаты