Ахау-ай.
Ахау-ай.
халық әні
Дәйім менің мінгенім боз болса екен,
Қыз жеңгесі мейірімді кез болса екен.
Жолаушылап, жорытып жүргенімде,
Қасымдағы жолдасым қыз болса екен.
Қайырмасы: Атып алдым қоянды,
Қанға қолым боялды.
Осы бір әнге салғанда,
Қыз-келіншек оянды.
Атып алдым тырнаны,
Атқан оғым зырлады.
Осы бір әнге салғанда,
Қыз-келіншек таңқалды.
Дәйім менің мінгенім сал күрең кер,
Қызды ауылды қырындап көп жүремін.
Табаныңа қадалған жалғыз тікен,
Маңдайыма қадалсын деп жүремін.