Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ахау, арман (2-түрі)

Ахау, арман (2-түрі)

халық әні

Баспадым жардың шетін құлай ма деп,

Ішпедім арақтан су лай ма деп.

Қорқамын дос болуға жаманменен,

Тар жерде ер тоқымын сұрай ма деп.

Қайырмасы: Қыздар - бұлбұл, жігіт - дүлдүл,

                      Өтіп барады өмір құрығыр,

                      Ахау, арман, дүние жалған,

                      Хәләуләйлім, хәләуләйлім.

Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,

Жамандар жақсымын деп айқайлайды.

Жүрген соң бауырында күнде көріп,

Таулардың биіктігі байқалмайды.

Ағаштың көзі қара көміріндей,

Мылтықтың бойы түзу теміріндей.

Өткізген жақсыменен жарты сағат,

Жаманның өтіп кеткен өміріндей.

Жолықсаң біздің жақтың тентегіне,

Өмірдің өкінбейді келтеңіне.

Үйдегі жалғыз атын сойып беріп,

Жүген ұстап қалады ертеңіне.