Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әйкен-ай

Әйкен-ай

Халық әні

Сен де келдің өмірге, мен де келдім, 

Бірге жасап қызығын келер көркім,

Әйкен-ай, кел шырқайық, кел, кел ай.

Елестесе көлеңкең көз алдымда,

Лүпіл қақпай жүрегің түсе ала ма,

Әйкен-ай, кел шырқайық, кел, кел ай.

Не қылайын басқаның қыз Жібегін,

Сүйген сұлу болған соң өз Жібегім,

Әйкен-ай, кел шырқайық, кел, кел ай.

Алтын дәурен жастық шақ жайнап гүлдей,

Достық бізге нұр төксін өшпес күндей,

Әйкен-ай, кел шырқайық, кел, кел ай.