Әләулім-ай 1 түрі
Әләулім-ай 1 түрі
Халық әні
Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ түйенің жүніндей іркілдеймін.
Көпшіліктің алдында ән салғанда,
Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін.
Есіктің алды қоғалай,
Әркімнің көңілі жоғары-ай,
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болады-ай
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе,
Осы отырған отырыс,
Бір ғанибет емес пе?..
Біздің жақтың жігіті сылқым сері,
Ойын-күлкі күнде той жүрген жері.
Құлын-тайдай тебісіп бірге өскен,
Өзіне ыстық әркімнің туған жері.