Дүние-ай
Дүние-ай
халық әні
Дәйім менің мінгенім жирен тайым,
Жирен тайым жорғалар мінген сайын, дүние.
Оралыңның барында ойнада күл,
Өтіп жалған барады әр күн сайын, дүние.
Қ а й ы р м а с ы :
Былтыр құлын,биыл тай,
Бірде кедей, бірде бай.
Диірменнің тасындай,
Шыр айналған дүние-ай.
Қаратаудың басындай балуан тас,
Көтере алмай көзімнен шығады жас, дүние.
Көтере алмай жатқанда көтеріскен,
Ата-анадан жақсы екен құрбы-құрдас, дүние.
Қ а й ы р м а с ы :
Ұшып жүрген әуеде ақ сауысқан,
Жыл он екі ай болғанда күн ауысқан, дүние.
Тіршіліктің барында ойна да күл,
Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан, дүние.
Қ а й ы р м а с ы :