Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елім-ай

Елім-ай

халық әні

Қаратаудың басынан көш келеді,

Жетім тайлақ боздаған көшке ереді,

Елім-ай, Елім-ай.

Ел-жұртынан айрылған қиын екен,

Екі көзден мөлдіреп жас келеді,

Елім-ай, Елім-ай.

Туған жердің қия алмай тау мен тасын,

Біз келеміз тия алмай көздің жасын

Елім-ай, Елім-ай.

Не жазып едік жасаған қор етердей,

Көрінгенге қалқамның алтын басын,

Елім-ай, Елім-ай.