Еркем-ай(5-түрі)
Еркем-ай(5-түрі)
халық әні
Көк үліңгі, жаным-ау, көк үліңгі,
Өлең айтып көтерші көңіліңді, еркем-ай,
Әйел жолы жіңішке деген сөз бар,
Ойла жаным өзіңнің өміріңді, еркем-ай.
Қайырмасы:
Сылдырлаған шашбаулы,
Жүзі жарқын көркем-ай.
Тал мен қайың құрбым-ау, тал мен қайың,
Саулық барда білмейсің ауру жайын, еркем-ай,
Қамшы саптай қысқа бұл тіршілікте,
Ағызайық көмейден тілдің майын, еркем-ай.
Қайырмасы: