Жан сәулем (4 түрі)
Жан сәулем (4-түрі)
халық әні
Дәйім менің мінгенім қоңыр ала,
Осы әніме бауырлар жүрсін сала, жан сәулем.
Танысым жок бұл жерде, тамырым жоқ,
Әдей іздеп келгем сізге бола, жан сәулем.
Екі шеңгел аңғар-ай,
Бұлт келеді жауғалы-ай.
Қайран, Есіл, жас өмір,
Сенде тұрсың, қал қалай.
Дәйім менің мінгенім ұзын құла ат,
Екі жағы Ертістің малға суат, жан сәулем.
Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа,
Осы әніме салған ғой дәтке қуат, жан сәулем.
Есік алды көлденең,
Пары кетпес бөлмеген.
Есіл өмір өткізер,
Ойнап, күліп жүрмеген.
Дәйім менің мінгенім құла құнан,
Құла құнан үркеді құлағынан, жан сәулем.
Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқкам,
Кезігейік ауылыңның бұлағында, жан сәулем.
Екі шеңгел аңғар-ай,
Бұлт келеді жауғалы-ай.
Қайран, Есіл, жас өмір,
Сенде тұрсың, қал қалай.
Есік алды көлденең,
Пары кетпес бөлмеген.
Есіл өмір өткізер,
Ойнап, күліп жүрмеген.