Замандас
Замандас
халық әні
Айналайын көзіңнен күлімдеген,
Басқан ізін адамға білінбеген.
Қайырмасы:
Замандас, жолыққанда есіңе алып амандас.
Замандас кездескенде күліп – ойнап амандас.
Бір- біріңмен, ей достар, шын сыйлаар,
Бұл жалғанда керегі сол- ақ екен.
Қайырмасы :
Ән дегенде қалтамыз қағылмайды,
Әнші қыздар өлеңнен жаңылмайды.
Қайырмасы:
Опасы жоқ дүние шолақ екен,
Бір-біріңмен адамзат қонақ екен.
Қайырмасы:
Сары самаурын қайнайды , шүмегі алтын,
Бірге жүрген досыңмен болма салқын.
Қайырмасы:
Бірге жүрген досыңмен болмсан салқын.
Баяғыдай болмайды жүзің жарқын.
Қайырмасы: