Илигай, әттең, шіркін
Илигай, әттең, шіркін
халық әні
Ұшып жүрген әуеде ақ сауысқан,
Ай оны екі толғанда жыл ауысқан.
Қайырмасы ;
Илигай , әттең шіркін ,
Дүние қалады – ай бір күн, күліп –ойнап.
Жастық шақтың барында, ойлан, япыр –ай,
Бұл жалғанның қызығын, кім тауысқан –ай.
Қайырмасы ;
Неге отырсың, қалқам, өлеңдетпей,
Өлеңдетіп қалайық заман өтпей .
Қайырмасы;
Жастық шақтың барында гүл –гүл жайна,
Албыраған ақша бет боры кетпей.
Қайырмасы;