Қарағым-ай(1-түрі)
Қарағым-ай(1-түрі)
халық әні
Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайма жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.
Қайырмасы:
Қарағым-ай,қырға шығып,
Жолыңа қарадым-ай.
Аузыңды ашсаң,көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,
Білінбейді досыңа еткен ісің.
Қайырмасы: