Қара жорға (1-түрі)
Қара жорға (1-түрі)
халық әні
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Аспаннан алпыс түрлі жауса пәле,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Айтайын мен бір өлең тыңдасаңыз,
Тыңдағаннан, көпшілік, мың жасаңыз
Дүние іші қуыс бір бәйтерек,
Кетеді жарға құлап ор қазсаңыз.
Қайырмасы:
Па,шіркін,қара жорға тисе қолға,
Кетер ем алыс сапар, ұзақ жолға
Дүние өкінемін жалғанына,
Жеткізем қайтем десең арманына
Бірге өскен кішкентайдан, беу, құрбым,
Көнерсің тағдырдың бір салғанына.
Өлеңді айт дегенде аярым жоқ,
Азырақ желісім бар аяңым жоқ
Жігіттер жас шақта сыйласып өт,
Өтеді, бұл жалғанның баяны жоқ.
Қайырмасы: