Қараторғай (2-түрі)
Қараторғай (2-түрі)
халық әні
Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп.
Сұраймын өткен елден, кеткен елден,
Ауылы қалқатайдың аман ба деп.
Қараторғай, Қараторғай,
Ауылы қалқатайдың, аман ба деп.
Тілің бал, тісің меруерт, аузың оймақ,
Қызыл жүз, пісте мұрын, мамық тамақ
Жұмақтың алдында ағар бұлағында
Сен едің ойнап тұрған алтын шабақ.
Қараторғай, Қараторғай,
Сен едің ойнап тұрған алтын шабақ.