Ақ кербез
Ақ кербез
халық әні
1. Мінген атым астыма бұқпа қара,
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара..
Деңгейінен ауылыңның ән салайын,
Танымасаң дауысымды шық та қара.
қ/с
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз,
Айырылысар күн туды,
Қош есен бол, Ақкербез.
2. Айналайын қарағым, қиылған қас,
Сен ойласам көзіме келеді жас.
Өзіңе арнап хат жазып жіберейін,
Сағынғанда оқы да, бауырыңа бас.
.