Нұрлан Әлімжанов

Нұрлан Әлімжанов

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов - 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданында дүниеге келген.  Актер, әнші, композитор, тележүргізуші. "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 

Бала күнінде ғарышкер болуды армандаған. Мектепті аяқтаған соң, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түседі.
2006 жылы алғаш рет "Шолпанның күнәсі" фильмінде Әзімбай бейнесін сомдаған. Кейінірек, "Бақсы", "Ағайынды", "Ағайынды-2", "Жаужүрек мың бала" т.б отандық фильмдерінде бой көрсетті. Сонымен қатар "Балалық шағымның аспаны" , "Көшбасшы жолы" фильмдері Нұрлан Баянғалиұлын халық арасында кең танымалдылыққа әкелді. Елбасы рөлін сомдауда тек талантымен ғана емес, түр-сипатының ұқсастығымен де ерекшеленді.