Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімұлы - (Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы) — актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980), Қазақстанның Еңбек Ері (2017).
Алматы консерваториясын бітірген (1961). Оқуды аяқтаған соң, "Қазақфильм" киностудиясына орналасты. 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 — 88 жылы осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С. Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды.
Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абай" спектакліндегі — Айдар рөлі. 
Әшімов режиссер ретінде де танылды. Ол театрда Н. Гогольдің "Ревизор" (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Мүсіреповтың "Амангелді", И. Оразбаевтің "Мен ішпеген у бар ма?!" (екеуі де 1987), С. Ванустың "Сұлтан болсам егер мен" (1988), Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" (1989) спектакльдерін сахналады, "Жылан жылы" (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), "Шоқан Уәлиханов" (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), "Қозы Көрпеш—Баян сұлу" (1995) фильмдерін түсірді. 


1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан "Елім-ай" киностудиясының президенті. "Парасат" орденімен марапатталған. 

Еңбек жолы:Актер, Режиссер

Туған күні:8 мамыр, 1937ж.

Қатысқан фильмдері:

Кемпір

2014, Актер

Өкініш

2013, Актер