Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Досхан Жолжақсынов

Досхан Жолжақсынов

Досхан Қалиұлы Жолжақсынов – (1951 жылы 7 қазан. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылы) – актер, кинорежиссер. Қазақстанның халық әртісі (1995). Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының екі дүркін лауреаты(1996, 2016 жж.). Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1987).
1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Балықшы ауылында (қазір Ақсуат ауылында), Қали және Жазира Жолжақсыновтар отбасында дүниеге келген. Үйдің бесінші баласы. Әкесі күй жазып, домбырада ойнаған, кейін ұлы Досханды да үйретті. Төртінші сыныптан кейін Досхан туған ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан мектеп-интернатқа түсті.
1969 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетіне оқуға түсті. КСРО Халық әртісі Хадиша Бөкееваның шеберханасында білім алды.
1972 жылы ол Жас көрермендер театрының қосалқы труппасына қабылданды.
1993 жылы осы театрдың директоры болып тағайындалды.
2000 жылы бұл лауазымынан өз еркімен кетті.

Марапаттар
  • 1982 ж – Қазақстанның Ленин комсомол жүлдесі
  • 1987 ж – жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
  • 1995 ж – Қазақстанның халық әртісі
  • 1996 ж – Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі
  • 1996 ж – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы
  • 2001 ж – Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған
  • 2016 ж – 2016 жылы әдебиет және өнер саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы («Құнанбай» көркем фильмі үшін)