
Құман Тастанбеков
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (1945 жылы 10 наурызда, Қазақ КСРАлматы облысыСарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда2017 жылы Алматы қаласы) — кино және театр актері.
- 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген.
- Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
- Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін
- “Қыс – мазасыз маусым”
- “Ағам менің”
- “Ерекше күн”
- “Аққулар ұшып келеді”
- “Махаббат жаңғырығы”
- “Ағама арналған қалыңдық”
- “Қараша қаздар қайтқанда”
- “Провинциялық хикая”
- “Алаң шеті”
- “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
- Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов “Ана - Жер-Ана” мен “Ақ кемесі”)
- Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман - Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік-Кебек”)
- Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”)
- Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1976)
- Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”)
- Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”)
- Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”)
- Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”)
- Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.
- 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
- 1982 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген әртісі
- 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі
- 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2008 жылы "Құрмет ордені"
- 2015 жылы "ҚР коститутциясына - 20 жыл" мерекелік медалі
- 2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Парасат ордені" мен марапатталды.
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.