Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Дулыға Ақмолда

Дулыға Ақмолда

Ақмолда Дулыға Досмұхамбетұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жастар сыйлығының лауреаты. 1971 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылында дүниеге келген. Байқадам орта мектебін және Саудакент жеріндегі Ықылас атындағы музыкалық мектепті бітірді.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік театр және өнер институтын театр және кино актері мамандығы бойынша тәмамдады.
«Театр көктемі» театр фестивалінің лауреаты, сондай-ақ көптеген республикалық және халықаралық фестивальдердің (Корея, Түркия) жүлдегері.
Атақты актер «Тамаша», «Әzіlstan», «77 күн» сияқты телебағдарламаларда, «Хабар» арнасының шоу бағдарламаларына қатысады. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі анимациялық фильмдерді дубляждайды.
Әйгілі Ықылас, Сүгір, Айкен, Төлеген күйшілердің жерінде дүниеге келген актер домбырада, қобызда шебер ойнайды, композитор. «Үкілі үміт» жас сазгерлер конкурсының лауреаты.
Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002).
ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2010).