Ғани Құлжанов
Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998).
- 1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі) бітірген.
- 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты) актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классынан бітірген.
- 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды.
- 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды.
- 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды.
- Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері.
- Ғани Құлжанов «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдерімен көпшіліктің көңілінен шықты.
- Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен.
- Ғани Құлжанов «Азия дауысы» , «Жас қанат», «Жұлдыздар құттықтайды» т.б.үлкен байқаулар мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі.
Фильмография:
- 2018 ж – «Алтыншы бекет»
- 2018 ж – «Той любой ценой»
- 2018 ж – «Ең сұлу»
- 2018 ж – «Жараланған жүректер»
- 2017 ж – «Телепорт»
- 2016 ж – «Жұлдыздар тоғысқанда»
- 2014 ж – «Сговор»
- 2014 ж – «Заговор Оберона»
- 1998 жылы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Құмар ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері атанды.
- 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
- 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі берілді.