Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Меруерт Өтекешова

Меруерт Өтекешова

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Кино және театр актері. 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдауға шақырылған.

1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. КСРО Халық әртісі Х.Бөкееваның класында дәріс алған. Театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973).
Рөлдері :
  • «Қыз Жібек»(1970)
  • «Ағам менің» (1972)
  • «Ұлымның оралуы» (1977)
  • «Қосымша сұрақтар» (1977)
  • «Тентек балалар»(1980)
  • «Аждаһа жылы» (1981)
  • «Орнамент» (1982)
  • «Кінәңді ақта» (1983)
  • «Жауын», «Ақ бақсы» т.б. «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
Марапаттар
  • М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармасы байқауының лауреаты атанған.
  • 1982 - «Жігер» республикалық фестивалінің лауреаты
  • 1982 - Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
  • 2001 ж. - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • 2008 - «Құрмет» ордені
  • 2016 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
  • 2017 - Парасат ордені
  • 2017 - ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері