Әсел Сағатова
Әсел Ермекқызы Сағатова – 1985 жылы 5 мамырда Қазақ КСР-і Семей қаласында өмірге келген. Қазақстандық актриса және модель. Тоғыз жасынан бастап Алматы қаласында тұрады .
Алматыда хореография бағытында білім беретін мектепті орысша бітіреді. Тележүргізуші болғысы келгенін естіген анасы оны жаңалықтар дикторы курсына апарады. Алайда жасы сай келмегендіктен Әселді қабылмайды. Оған модельдер тобына баруға кеңес береді.Осылайша 14 жасынан модель болып жұмыс атқарады. 9 сыныпта оқып жүріп Гонконгта және Таиландта жарнама роликтеріне түсе бастайды. Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтаған. Магистратурадағы білімімен қатар қазақстандық телеканалдың музыка бағдарламасын жүргізген. Тікелей эфирде жүргізілетін «Золотая подкова» бағдарламасының жүргізушісі.
Сондай-ақ, «Қазақстан РТРК» АҚ менеджері болып жұмыс атқарды. Әсел кино әлемін алғаш Шыңғыс Айтматовтың кітабына түсірілген «Плач матери о манкурте» фильмінен бастады.
Фильмография

- 2002 — Плач матери о манкурте
- 2006 — Меч Махамбета
- 2007 — Час волка (Казақстан)
- 2007 — Рэкетир (Казахстан)
- 2009 — Прыжок Афалины
- 2010 — Ирония любви
- 2011 — Студент
- 2012 — Охота за призраком (Казахстан)
- 2012 — Подружки (Казахстан)
- 2013 — Бауыржан Момышұлы
- 2013 — Ход Конём (Армения)
- 2015 — Рэкетир-2: Возмездие
- 2016 — Мотылек (Казахстан)
- 2016 — Районы(Казахстан) — Луиза
- 2000 жылы «Мисс 31 Канал» байқауының жеңімпазы.
- Top-antropos.com сайты бойынша ең әдемі қазақ қыздары рейтингісінде 3 орын
- Тимур Бекмамбетовтың «Астана-2010» фестивалінің «Жылдың жаңалығы» номинациясы лауреаты.
- 2011 жылы Тұңғыш Президент қорының лауреаты.
- 2013 жыл - «Жыл актрисасы» премиясы
- 2013 жылыамерикандық AVON компаниясы алғаш рет өзінің косметикасының өкілі ретінде Әсел Сағатованы таңдады.
- 2014 ж – Cosmopolitan Fun Fearless Female- тің таңдауы бойынша
- «Қазақстандағы киноиндустрияның дамуына үлес қосқаны үшін» «Актриса года» премиясы.
- Бірнеше жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ iD Net - жоғары жылдамдықты интернет-провайдер брендінің бейнесі.
- 2012 жылыҚазақстандағы ең танымал кинорежиссерлердің қатарына кірді.
- «Халық қалаулысы – 2012» байқауында «Сүйікті жұлдыз» номинациясы бойынша марапатталды.