Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Әмина Өмірзақова

Әмина Өмірзақова

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурыз. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйек. Алматы қаласы) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР - нің Халық әртісі (1965), Қазақ КСР – нің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.
  • 1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген.
  • 1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының актрисасы
  • 1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік драма театрының труппасының актрисасы
  • 1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды.
  • 1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды.
Алғашқы түскен фильмдері "Комсомольск", "Амангелді", "Алыптың әні", "Ақ раушан". Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл - 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың рөлі.
1964 жылы Анатолий Карповтың "Ана туралы жыр" фильмі экран бетіне шықты. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде "ең жақсы әйел рөлі" сыйлығын, К. Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды.
1968 жылы Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" комедиялық фильмі жарық көрді. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды.
"Тақиялы періштеден" соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі "Мама Роза" картинасы. Ойнаған рөлі үшін "Шоқжұлдыз" кинофестивальінің лауреаты атанды.
1996 жылы ұлының бастама фильмі "Аминада" өз–өзін сомдады.