Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Венера Нығматулина

Венера Нығматулина

Венера Махмудқызы Нығматулина1962 жылы 10 тамызда Алматы қаласында өмірге келген.  род. Кеңес және қазақ киноактрисасы, продюсер, телебағдарламалар жүргізушісі. «Шәкеннің жұлдыздары» кинофестивалінің директоры. ҚР Еңбек сіңірген әртісі.
1990 жылы Ташкент мәдениет институты, режиссура факультетін аяқтаған.
«Программа 24», «Творческие портреты кинематографистов Казахстана», «Я Вам пишу…» секілді телебағдарламалардың жүргізушісі.
«Кто Вы, господин Ка?» толықметражды фильмінің продюсері.
«Ощущение предвкушения» деректі фильмінің сценарий авторы және режиссері.
2000 – 2002 ж. ж. Қазақстан кинематографистер одағының вице-президенті.
2003 ж. ҚР кинопродукцияны іріктеу және шығару бойынша сараптамалық-өндірістік комиссиясының мүшесі.
2003 ж. Қазақстан Республикасы Спорт және туризм агенттігінің Халықаралық спорттық ойындар шеңберінде ұйымдастырылған спорттық фильмдер фестивалінің қазылар алқасы төрағасы.
2013 жылы «Дива – Алматы – 2013» конкурсының қазылар алқасының мүшесі.
Кинематография мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы.
Фильмография:
  • 1979ж – «Невеста для брата»
  • 1980ж – «Невозможные дети»
  • 1981ж – «Провинциальный роман»
  • 1982ж – «Чужая пятёрка»
  • 1983ж – «Волчья яма»
  • 1986ж – «Потерпевшие претензий не имеют»
  • 1987ж – «Зять из провинции»
  • 1988ж – «Все мы немножко лошади»
  • 1988ж – «Гибель во имя рождения»
  • 1989ж – «Нокдаун»
  • 1990ж – «Восточный коридор, или Рэкет по…»
  • 1991ж – «Женская тюряга»
  • 1991ж – «Полёт стрелы»
  • 1992 – 1997 ж – « Тарас Шевченко. Завещание»
  • 1996 – 2000 ж – «Перекрёсток»
  • 2009ж – «Город мечты»
  • 2016 ж – «Золушка Зауре»
Марапаттары:
2008 ж – «Құрмет» ордені
2001 ж – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
1987 жылдан бастап КСРО және Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі.