Абзал Мұхитдинов
Абзал Мұхитдинов, Музыкалық жетекші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының музыкалық жетекшісі және дирижері.
Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған (1992 жылы хормейстер, 1996 жылы симфониялық оркестр және опера дирижері ретінде, Алматы). 1997 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетінің магистратурасында «Барокко дәуірінің ырғақтық дәстүрлері» атты диссертациясын қорғаған (MA, York, UK).
1998 жылы ҚР Халық әртісі Г. Мырзабековамен бірге «Камерата Казахстана» камералық оркестрін құрды. 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің негізін қалады. 2005 жылы «La Primavera» Президенттік камералық оркестрін ұйымдастырды. 2000-2013 жылдар аралығында – К. Байсейітова атындағы ҰОБТ бас дирижері. 2013 жылдан – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының музыкалық жетекшісі және бас дирижері.
Дирижерлік репертуарына 250-ден астам вокалдық-симфониялы?, симфониялық әрі камералықмузыка шығармалары, сонымен қатар 40-тан астам опералық-балет қойылымдары енген. Қоюшы дирижер ретінде 25 қойылымды іске асырды. Қазақстанда және сонымен қатар шетелде (Ұлыбритания, Германия, Австрия, Польша, Болгария, Оңтүстік Корея, Италия, Түркия, Ресей) әлемдік деңгейдегі көптеген музыканттармен бірге өнер көрсеткен. Оладың ішінде – Роберто Аланья, Мауриццио Барбаро, Валерия Эспозито (Италия), Жерар Коссе (Франция), Марк Холланд, Джеймс Керби (Ұлыбритания), Пьетро Масса (Германия), Олег Крыса (АҚШ), Миранда Кейс (Австралия), Марианн Талаба (Австрия), Зураб Соткилава, Владислав Пьявко, Павел Черных және Марина Лапина (Үлкен театр, Мәскеу) және т.б. бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының оркестрлік редакциясының авторы. М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының жаңа музыкалық редакциясын жасаған.