Алан Бөрібаев
Алан Бөрібаев, Бас дирижер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Алан Бөрібаев – танымал қазақ дирижері Ирландиянық радио және теледидар ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Ресейдің Үлкен театрынан шақырылған дирижер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Алан Бөрібаев Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясын үздік тәмамдап, оқуын одан әрі Вена орындаушылық өнер және музыка университетінде жалғастырды (Ұстазы – профессор Урош Лайовиц).
Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы Халықаралық дирижерлер байқауындағы жеңісі оған халықаралық танымалдылық әкелді. 2001 жылы Копенгагендегі Николай Малько атындағы халықаралық дирижерлер байқауында «Үздік дарыны мен болашағы үшін» арнайы жүлдесімен марапатталды. Сол жылы Италияныі Трено қаласындағы Антонио Педротти атындағыхалықаралық дирижерлер байқауында 1 сыйлық лауреаты атанды.
2011/2012 жж. маусымы танымал оркестрлермен бірлескен естеқаларлық концерттерге толы болды: Берлин симфониялық оркестрімен, Fоndacion Excelentia Мадрид оркестрімен, Токио Метрополитен-оркестрімен, Малайзия филармониялық оркестрімен, Дублиндегі басты маусымы, сондай-ақ Еуропада бірінші сахналанған, батыстық көрерменнің ыстық ықыласына бөленген – А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» Қазақ операсының Германиядағы Оңтүстік Тюрингия Мемлекеттік Операсында қойылуы.
Көрермендер мен музыкалық сыншылардың жоғары бағасын алған соңғы музыкалық маусымдардың жарқын оқиғаларына Осло, Хельсинки, Гамбурга, Берлин, Милан, Мельбурн филармониялық оркестрлерімен және АҚШ, Корея, Жапон, Ұлыбритания және т.б. бірнеше оркестрлерімен өткізген концерттер кіреді.