Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Әкім Мұхатжанов

Әкім Мұхатжанов

Әкім Мұхатжанов, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің бас дирижеры 

Әкім Мұхатжанов 1975 жылы Қарағанды қаласындағы арнайы орта музыкалық мектеп-интернатын, 1980 жылы баян және оркестрлік дирижерлау сыныбы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.

1980-1982 жылдары САВО ән және би ансамблінде мерзімде қызметтен өтті.
1982-1986 жылдары Қанабек Байсеитов атындағы Талдықорған музыкалық училищесінің оркестрлік дирижерлау факультетін басқарды.
1986-1987 жылдары – Құрманғазы атындағы АМК оркестрлік дирижерлау кафедрасының оқытушысы.
1986-2000 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оркестрлік дирижерлау факультетінің меңгерушісі, сондай-ақ халық және үрлемелі аспаптар оркестрлерінің жетекшісі.

1999-2000 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық оркестрінің музыка көркемдеушісі.
1999 жылы ҚР Мемлекеттік үрлемелі оркестрімен бірігіп, Халықаралық рухани музыка фестиваліне қатысты (ҚХР, Тайвань).
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің оркестрлік дирижерлау кафедрасының доценті болып табылады.

2001 жылы Республика Тәуелсіздігінің 10 жылдығын өткізу жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы дирекцияның мүшесі болды. Осы жылы қазіргі уақытта да басқарып отырған Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры лауазымына шақыртылды. Бір уақытта, 2002-2005 жылдары сол филармонияның симфониялық оркестрінің дирижеры болып қызмет атқарды.

Әкім Мұхатжановтың жетекшілігімен үрлемелі оркестр «Музыкалық Сарыарқа» халықаралық үрлемелі оркестрлер фестиваліне (Қарағанды; 2002, 2003), «Жібек жолы» халықаралық үрлемелі оркестрлер фестиваліне (Алматы; 2004, 2005, 2007) және халықаралық үрлемелі оркестрлер фестиваліне (Новосибирск; 2013) қатысты.

2007, 2011, 2013 және 2014 жылдары «Астана самалы» халықаралық үрлемелі оркестрлер фестивалінің көркемдік жетекшісі болды.
2008 жылы Өскемен қаласында өткен ХIX Республикалық үрлемелі ағаш аспаптарының жас орындаушылар байқауында қазылар алқасының төрағасы болуға шақыртылды. 2012-2017 жылдары – «Әскери керней» ҚР әскери оркестрлердің қарау байқауының қазылар алқасы мүшесі. 2014 жылы «Fiestalonia-Kazakhstan» халықаралық байқауының қазылар алқасы мүшесі.

ҚР елшілігінің шақыртуы бойынша Әкім Мұхатжановтың жетекшілігімен Президенттік ұлан ансамблі АҚШ-та (Вашингтон, Нью-Йорк;) 2008 өнер көрсетті. Кейінгі жылдары ол үрлемелі оркестрмен бірге Қазақстанның көптеген қалаларында (Қарағанды, Степногорск, Павлодар, Ақсу, Хромтау) орындалып жүрген концерттік бағдарламалар дайындады.

2004 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК-да профессор Т.А.Әбдірашевтің сыныбында, ал 2011 жылы М.И.Глинка атындағы МҰК-да профессор А.А.Людмилинаның сыныбында біліктілігін жоғарылату курсынан (опера-симфониялық дирижерлау) өтті.

Әкім Мұхатжанов – дирижерлау, аспаптау, оркестрлік сынып пен ансамбль бойынша типтік және оқу-әдістемелік бағдарламаларды құрастырушы. Ол әртүрлі құрамдағы ансамбльдер мен оркестрлерге арнап көптеген шығармаларды өңдеп, орындауға ыңғайлап жазды. ҚР Қарулы күштерінің әскери-саптық репертуарына арналған 4 марштың авторы. Үрлемелі оркестрге арналған «Күй дастан» халық күйлері жинағының құрастырушысы.

Өзінің педагогикалық және концерттік табысты қызметі үшін ҚазҰӨУ ректорының, Алматы және Астана қалалары әкімінің, ҚР БҒМ және МСМ мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталды.
2002 жылы «Мәдениет қайраткері» мемлекеттік белгісі берілді.
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» үкімет медалі берілді.
2012 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «ҚР Ұлттық ұланына 20 жыл» үкімет медальдарымен марапатталды.
2016 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
2017 жылы «ҚР Ұлттық ұланына 25 жыл» үкімет медалімен марапатталды.