Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Сауытбек Абдрахманов

Сауытбек Абдрахманов

        Сауытбек Абдрахманов (7 қараша, 1951 жыл, Қазығұрт ауданы) – журналист, кино сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
  • ҚазМУ-ды бітірген (1975).
  • «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі (1975 – 1987);
  • Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987 – 1990) қызметтерін атқарды.
  • ҚР Президентінің, Министр Кабинетінің аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990 – 1995);
  • ҚР Мәдениет министрінің 1-орынбасары болды.
  • 1997 – 2000 ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті;
  • 2000 – 2003 ж. «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президенті;
  • 14.9.2003 – 12.7.2004 ж. ҚР Ақпарат министрі;
  • 2004 жылғы шілдеден «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті.

        Кино саласындағы еңбегі

  • Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлер мен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. Сауытбек Абдрахманов М.Әуезов шығармаларының экрандалуы, Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.



        Шығармалары

        «Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Бер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен төлтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы.
        Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалаған. В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармалары, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2-ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы.

        Жетістіктері
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
  • Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты.
  • Б. Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981) лауреаты.
  • Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты.
  • «Жыл журналисі» (2006) атағын алған.
  • Филология ғылымының докторы.
  • 2005 жылы «Парасат» орденінің иегері.
  • Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен марапатталған.
  • Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі.