Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Көпен Әмірбек

Көпен Әмірбек

        Көпен Әмірбек (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы.
ҚазМУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.
        1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты. Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де белгілі.